Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Адам папиллома вирусы: елімізде екпе басталды

04.10.2024

348 0

Адам папиллома вирусына қарсы екпе әлемнің 135 елінде қолданылады. Нәтижесінде кей мемлекеттерде әйелдерде жиі кездесетін жатыр мойны обырының таралуы 90 пайызға дейін төмендеген. Ал біздің елімізде бұл қауіпті дерт сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі орында тұр. Сатитстикалық деректерге сүйенсек, жатыр мойны обыры жасарған. Қатерлі ісіктің бұл түрі жас қыздарда жиі кездесіп жатыр. Қауіпті ауруға қарсы вакцинациялау Қазақстан Республикасы Бас мемлекенттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №11 қаулысына сәйкес қыркүйек айынан басталды. Вакциналау 11 жастағы қыздарға жоспарлы тәртіппен салынады. Ал 12 -13 жастағы бұрымдыларға толықтыра иммундау жүргізіледі. Екпе кезінде ата-ананың келісімі ескеріледі. Олардың рұқсатынан соң алғашқы дозасы егіледі. Кейін 6 ай аралық мерзіммен екі рет егу қарастырылған.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша 339 қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпе алды. Аталған вакцинаны емханадан немесе мектепте алу мүмкіндіктері қарастырылған. Алдымен, жеткіншекті дәрігер толықтай тексереді. Қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцина егіледі. Содан кейін, 30 минут бойы ақ халаттылардың бақылауында болады. Бұдан бөлек, 3 күн бойы медицина қызметкері жасөспірімнің дене қызуын өлшеп, қарап отырады.
Жатыр мойны обыры – вакцина арқылы алдын алуға болатын қатерлі ісіктің жалғыз түрі. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті АПВ вакцинасын алуға кеңес береді.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: