Сенбі, 28 желтоқсан, 14:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Адамдар арасында есінеу неліктен жұғады?

23.01.2024

796 0

Сурет: massaget.kz

Есінеу – әлі күнге дейін толық зерттелмеген физиологиялық процесс. Біздің неліктен есінейтінімізді түсіндіретін бірнеше теория болғанымен, олар нақты жауап бере алмайды. Невролог Валерия Морозик есінеуді физиологиялық тұрғыдан түсіндіріп берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Маманның айтуынша, ең көп тараған теорияға сенсек, есінеу ағзадағы оттегінің жетіспеушілігінің әсері.

Біз есінеген кезде терең тыныс аламыз, бұл қанға, содан кейін миға оттегінің көбірек түсуіне көмектесіп, оны қосымша энергиямен қамтамасыз етеді және жасушалар арасындағы ақпараттың тарауын жеңілдетеді.

«Есіген кезде дем шығару арқылы қандағы көмірқышқыл газын және өкпе альвеолаларын азайтуға мүмкіндік береді», – дейді ол.

Сонымен қатар, есінеу ояу кез бен ұйқының реттелуінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан, біз ұйқы келгенде және оянғаннан кейін есінейміз.

Есінеген кезде қан ғана оттегіге қанықпай, жүректің де жиырылу жиілігі артады, бұл миға қан ағымын жоғарылатып, оның жұмысын белсендіреді. Бұл процестерге негізінен мелатонин және кортизол сияқты гормондар жауап береді.

Ал келесі теория бойынша, есінеу арқылы ми салқындайды. Есінеу кезінде біз аузымызды кең ашып, салқын ауаның ауыз қуысына енуіне және тамырлардан миға қарай жүретін қанды біршама салқындатуға мүмкіндік береміз.

Есінеу неліктен жұғады?

Ал есінеудің неліктен жұғатынына келетін болсақ, бұл әлеуметтік байланысты нығайтудың құралы. Мысалы, бір бөлмеде отырған бірнеше адамның біреуі есінесе, келесісі де есінейді, бұл олардың шаршағанын білдіреді. 

«Дегенмен есінеу тақырыбы әлі де зерттеліп жатқанын ұмытпаған жөн, яғни біздің неліктен есінейтініміздің нақты жауабы жоқ», – дейді Валерия Морозик.

Жұқпалы есінеу құбылысы физиологиялық және эмоционалды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік аспектілерді де қамтиды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: