«17 қараша – Дүниежүзілік шала туған нәрестелер күніне» орай, кешқұрым әлемдегі барлық перинаталды орталықтар күлгін түспен жарықтандырылды. Бұл түс арнайы шала туған сәбилердің түсі ретінде таңдап алынған. Бұл акцияның қатарынан біздің өңір де, яғни облыстық перинаталдық орталығы да табылды.
Бұл акция – мерзімінен бұрын босану мәселесіне қоғамның назарын аудару үшін жасалынады. Яғни бұл күні тек перинаталдық орталықтар ғана емес, қалалардағы көптеген сәулет құрылыстарын күлгін түстермен жарықтандыру жобалары да жүзеге асырылады (Астана қаласындағы Бәйтерек монументі, Хан Шатыр СҮ, Нью-Йорктегі империя штатының ғимараты және Стамбулдағы Босфор көпірі) және көптеген танымал тұлғалар мәселеге назар аудару үшін күлгін түсті киім киеді.
Күлгін түс – бұл жай ғана символ емес, шала туылған нәрестелерге қайырымдылық қорлары арқылы көмектесуге, сонымен қатар олардың ата-аналарына қоғамдық қолдауды сезіндіруде аса маңызды рөл ойнайтын оқиға.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!