Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы бұйрығымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» 2026 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесі бекітілді, – деп хабарлайды KAZINFORM
– Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген шекті мөлшер аясында Қордың қызметін жүзеге асыруға арналған комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесі есепті айда Қордың шотына түскен активтердің 1,09 пайызы көлемінде белгіленсін, – делінген бұйрық мәтінінде.
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және биыл 1 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еске сала кетейік, биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы артады. Сондай-ақ бүгінде тегін көрсетіліп жүрген бірқатар медициналық қызмет МӘМС жүйесіне өтеді. Әлеуметтік осал топтар үшін жарна енді жергілікті бюджет есебінен төленбек.
Президент қол қойған жаңа заңда тағы қандай өзгерістер бар? Оның негізгі мазмұнын Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы материалынан оқи аласыз.
Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына берілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
