Жұма, 28 қараша, 10:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

АИТВ дертіне қарсы күреске бөлінетін қаржы қысқарды

28.11.2025

46 0

Фото: ашық дереккөз

2025 жылы адамның иммунотапшылық вирусымен күреске арналған әлемдік қаржыландыру 40 пайызға қысқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы БҰҰ-ның ЮНЭЙДС бағдарламасы мәлімдеді.

Қаражаттың жетіспеуінен табысы төмен және орта деңгейлі елдерде профилактикалық жобалар жабылды. Кейінгі он айда 2,5 миллион адам емнен құр қалды. Бірқатар мемлекетте науқастар дәрі-дәрмек пен медициналық көмек ала алмай отыр. Бұл дерттен жер бетінде бүгінде 40 миллионнан астам адам зардап шегеді.

Ұйым өкілдері қаржыландыру қайта жанданбаса, алдағы бес жылда тағы үш миллион адам ауру жұқтыруы мүмкін дейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: