Кеше Сыр өңірінде алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалды. Көпбейінді облыстық ауруханада 40 жастағы еңбекке қабілетті пациентке жасалған бауыр трансплантациясы отасы сәттi аяқталған. Донор – 1993 жылы дүниеге келген пациенттің туысы. Тоғыз жылдан бері бауыр циррозы дертіне шалдығып, емi нәтижесіз болған науқас үшін бұл көптен күткен қуаныш.
Он сағатқа созылған ота сәтті өткен. Трансплантацияның Қызылордада жасалуына А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер Баймаханов Болатбек Бимендіұлы жетекшілік ететін трансплантологтар қолдау білдірiп, арнайы келген.
Сонымен қатар көпбейінді облыстық аурухана дәрігерлері де отаға қатысып, тәжірибе алмасқан. Бауыр ауыстыру отасы алдағы жылдары да жалғастырылмақ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!