Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақта алғашқы үздік тәжірибелік орталық ашылды

14.10.2024

303 0

Бүгін аймақта алғаш рет Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында үздік тәжірибелік орталық ашылды. Орталықтың ашылуында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Еренғалиұлы Сыр өңірінде тұрғындардың медициналық қызметке қол жетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру шаралары кешенді түрде жүргізілiп жатқандығын атап келе орталықтың ашылуымен құттықтады.

Одан соң «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының президенті, академик Төлебай Рахыпбеков орталық жұмысына сәттiлiк тiледi.

Аймақтың бас дәрігері Олжас Искаков бастаған медицина қызметкерлері көпшілікке емханадағы «Халық кеңесі», Медиация кабинетімен және «Отбасылық Денсаулық орталығы», «Ғұмырлы ерлер» және әлеуметтік-психологиялық көмек жобасымен таныстырды.

Үздік тәжірибелік орталығы жобасы өткен жылдан бастап «Premy Health Care» ұлттық ассоциациясымен бірге алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жаңа технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта мұндай орталықтар №3, 6-шы қалалық емханаларда және Жалағаш аудандық ауруханасында ашылмақ. Орталық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мен халықтың медициналық қызметке қанағаттану деңгейін көтеру мақсатында қызмет ететін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: