Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақтың бас дәрігерінің 1 айдағы жұмысына шолу

27.04.2023

553 0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі негізінде облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына ағымдағы жылдың 27 наурызы күні Искаков Олжас Ермекұлы тағайындалған болатын. Сол күннен бері аймақтың бас дәрігерінің медицина саласын тізгіндегелі бүгін 1 ай толып отыр. Соған сәйкес, басқарма басшысының бір айлық кезеңіндегі жұмыстар барысын тізбектесек.

Аймақтың бас дәрігері бір ай көлемінде, әр сала бойынша Қызылорда облысының штаттан тыс бас мамандарын жеке қабылдап, проблемалық мәселелерді тыңдады. Осыған орай, қазіргі таңда тұрғындардың арыз-шағымын азайту және оның алдын алу мақсатында тұрғындардың медициналық көмекке қанағаттану деңгейін арттыру, хирургия саласын және нефрологиялық қызметін дамыту бойынша жол карталары әзірленуде.

2022 жылы атқарылған жұмыстар, 2023 жылға алға қойған мақсаттарын талқылау мақсатында барлық медицина ұйымдарының бас дәрігерлерін жеке қабылдап, тыңдады.

Тыңдаулар нәтижесінде Қызылорда облысы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру мақсатында  2023 -2028 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары әзірленуде.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға көрсетілетін медициналық көмекті талдау мақсатында «B.B.NURA» және «DIAVERUM» амбулаторлы гемодиализ орталықтарының басшылары, мемлекеттік органдар және МӘМСҚ КЕАҚ филиалы өкілдірімен бірге аталған орталықтар тарапынан бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға медициналық көмек сапасын жақсарту және анықталған кемшіліктерді жоюға 1 шілдеге дейін уақыт берілді.

Облыстағы бүйрегі ауыстырылған тұрғындар қанындағы такролимус концентрациясын анықтау мақсатында «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-нда такролимус концентрациясын анықтайтын аппаратқа реагент және «Орталық қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-на иммунохимиялық анализатор аппаратын сатып алу жұмыстарын үйлестіріп, ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында аталған қондырғы іске қосылатын болады.

Алматы және Жамбыл облыстарындағы (Еңбекші қазақ және Мерке аудандарында) үздік практика орталықтарының тәжірибесін енгізу мақсатында Шиелі ауданаралық ауруханасы және №6 қалалық емханасы мамандарын тәжірибе алмасу және озық тәжірибені тиімді енгізу үшін мамыр айында облыс мамандарын жолдау министрлікпен пысықталды.  

Олжас Ермекұлы төрағалығымен наурыз айының соңы мен бүгінгі күнге дейін медициналық ұйымдар бас дәрігерлерімен 1 облыстық штаб отырысы, 3 апталық лездеме өткізілді.

20.04.2023 жылы басқарма басшысы ҚР ДСМ-нің алқа отырысына қатысып, саладағы мәселелерді тиісті министрлікпен қарастырып, шешілу жолдарын талқылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттен алынатын медициналық құрал жабдықтардың тізімі қайта қаралып, аймақ басшысы айқындаған даму бағыттарына сәйкес қайта өзектендірілді.

Облыс әкімінің қолдауымен:

  1. облыстық перинаталдық орталығының жүктемесін азайту мақсатында көпбейінді облыстық ауруханасының жанынан 70 төсектік перинаталдық орталығы;
  2.  150 төсекке арналған Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы;
  3.  Қызылорда қаласында 0-3 жас аралығындағы балдарға Ерте араласу орталығы;
  4. Арал ауданынан балаларға арналған ауданаралық оңалту орталығын құру жоспарланып отыр.

Бүгінгі күнге дейін тар буынды дәрігер мамандарды дайындауға облыс әкімінің 20 гранты бөлінсе, биыл 30 грант бөлініп, облысқа аса қажетті мамандар тізімі жасақталды.

Ана мен бала денсаулығын қорғау басты мақсатымыз екенін ескеріп, 2023 жылға біліктілікті арттыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен дәрігерлерге 18 тақырып, орта буын қызметкерлеріне 22 тақырып бойынша оқыту жоспарланды.

Соңғы айда Н.Д.Батпенов атындағы травматология ғылыми орталығының  жоғары санатты травматолог ортопед дәрігері облыс тұрындарына күрделі 8 ота жасаса (оның ішінде 3–і бала), Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында ҚР ДСМ-нің бас балалар ревматологі Мукушева Зәуре Серикпаевна «Балалар жасындағы аутоиммунды патологияны ерте диагностикалау» тақырыбында ЖТД, ревматолог, педиатр мамандарына семинар өткізіліп, 46 науқасқа кеңес берілумен қатар, 4 балаға буынішілік глюкокортикоидттардың енгізілу тәжірибесін көрсетті.

ҚР ДСМ-нің бас неонатальды хирургы Ерекешов Асылжан Абубакирович «Туабітті  өт шығару жолдарының даму ақауы», «Туабітті асқазан ішек жолдарының даму ақауы» тақырыптарында мастер класс өткізді.

 Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады, барлық республикалық орталықтарға басқармамен тиісті сұраныс хаттары жолданылды.

Кезекті сессия отырысында (24.04.2023 ж) орфанды сирек кездесетін ауру түрлерімен сырқаттанатын облыс тұрғындарына жергілікті бюджеттен қосымша 100 млн. теңгеге қаражат бөлінді. Одан бөлек басқармамен «Қазақстан Халқына» қорынан 34 млн. теңгеге 3 науқасты керекті «Цинрайз», «Рисдиплам» препараттармен қамтамасыз ету үшін сұраныс беріліп, бүгін қолдау тапты.  

Басқарма басшысының   жеке қабылдауында              59 азаматтың мәселесі қаралды.  Оның ішінде 58 жеке тұлғалардан, заңды тұлғадан 1 өтініш келіп түсті. Осы өтініштердің  37-сі оң шешімін тауып, 12-сі заң аясында түсіндірілді. 

Аймақ басшысының қолдауы – облыстың денсаулық сақтау саласының жұмысын айрықша ілгерілетуде.  Саланың игі істері алдағы уақытта да өңір халқының игілігіне айнала бермек.

Аймақтың бас дәрігерінің 1 айдағы жұмысына шолу
Аймақтың бас дәрігерінің 1 айдағы жұмысына шолу
Аймақтың бас дәрігерінің 1 айдағы жұмысына шолу
Аймақтың бас дәрігерінің 1 айдағы жұмысына шолу

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: