Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақтың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты

14.04.2021

1156 0

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қызылорда облысы халқы арасында COVID-19  коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Барлық деңгейдегі  әкімдіктерге, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «КТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы филиалының «ГП Қызылордалық бөлімшесіне», құқық қорғау мен арнайы органдарға:

Тыйым салу:

1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексінің 110-бабының 5-тармағына сәйкес кальянды пайдалануға;

2) ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, «ауыз ашар», т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды  өткізуге;

3) банкет залдарының жұмысына;

4) букмекерлік кеңселердің қызметіне;

5) бильярд, боулинг, компьютерлік клубтардың, түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне;

6) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;

7) мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;

8) балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық үй жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар) жұмысына;

9) көрермендермен спорттық іс шараларды өткізуге.

Қазақстан Республикасының және облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулы талаптарына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен рұқсат берілсін:

10) балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын алу жазылу бойынша;

11) қоғамдық көлік жұмысына (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтырумен);

12) банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері  жұмысына уақыт бойынша шектеумен 9.00-ден 18.00-ге дейін;

13) ұйымдар, офистердің  жұмыстарына 50%- күндізгі режиммен;

14) белгіленген талаптар сақталған жағдайда және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің қызметіне;

15) қоғамдық тамақтану объектілеріне (үй-жайда) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге;

16) сауналар жұмысына (жексенбіден басқа);

17) ортақ вагондарды жасақтауды болдырмай қала маңындағы жолаушылар поездарының қозғалысына;

18) ортақ вагондарды жасақтауды болдырмай жолаушылар поездарының қозғалысына;

19) 30 адамға дейін мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық);

20) толтырылуын 20%-дан артық емес етіп театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысына;

Қазақстан Республикасының және облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулы талаптарына сәйкес, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жалғастырылсын:

21) облыстың  барлық аймақтарында:

– контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқыту;

– білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;

22) тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту;

23) колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуды;

24) балалардың түзету кабинеттерінің жұмысына;

25) алдын ала жазылу бойынша стоматология, медициналық орталықтар, кабинеттер жұмысына;

26) толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;

27)  толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;

28) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығулар  (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру);

29) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;

30) маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) бару;

31) осы Қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізу (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

32) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі;

33) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу;

34) кәсіби қажеттілікке байланысты Қызылорда облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармаларының (оның ішінде көліктегі), «ҰСО» облыстық филиалдың, аудандық бөлімшелердің  мамандарын ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексерулерді жүргізу;

35) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №67 Қаулысының 46-қосымшасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың және 2020 жылғы 28 тамыздағы енгізілген толықтырулардың талаптары сақталған кезде, білім  беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне;

2. Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері,  Қызылорда облысының полиция департаменті, барлық аудандық, Қызылорда қаласының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармалары:

 1) қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар  анықталған  жағдайда  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдансын;

2) осы Қаулының 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте карантиндік шараларды күшейту эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда 5 күн ішінде жүргізіледі («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.

3. Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшылары:

1) InfoKazakhstan.kz сайынан электрондық форматта берілетін Санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;

2) қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін объектінің кіреберісінде Санитариялық нормаларға сәйкестік актісін көзге көрнетін жерге орналастыруды;

3) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;

4) бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтты пайдалануды;

5) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;

6) InfoKazakhstan.kz сайтындағы объектінің паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектісінің енгізуін (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыға қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

7) «InfoKazakhstan» электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес объектілерінің қызметін қайта бастауға арналған актіні электрондық беруді қамтамасыз етсін.

4. Қызылорда қаласы және аудандардың әкімдіктері:

1) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылған мониторингтік топтардың қызметін жандандыруды (қажеттігіне қарай олардың құрамы қайта қалыптастырылсын);

2) құрылған мониторингтік топтармен Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен енгізілген шектеу іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізуді;

3) кемшіліктер анықталған және (немесе) COVID-19 коронавирустық инфекциясының туындау не таралу қауіпі жағдайларында қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтағы басқармасына ақпарат (шұғыл хабарлама) берілуін қамтамасыз етуді. 

5. Қызылорда облысының полиция департаменті учаскелік полициялар патрульдеу кезінде жеке секторда немесе мейрамхана, кафеде мерекелік, отбасылық т.б. шаралар жүргізіліп жатқан жағдайларды жедел монторигтік топтарға хабар беруді жүйелендіруді.

6. Меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық-дезинфекциялық ережемен, Алгоритммен қойылатын талаптарды сақтасын.

7. Қызылорда облысының денсаулық сақтау және ішкі саясат басқармалары, қала, аудан әкімдіктері коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша Қызылорда облысындағы шектеу шаралары туралы әлеуметтік желілерде жадынамалар тарату, хабарландырулар, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді.

8. Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша бетперде киюге міндетті.

9. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қызылорда облысы бойынша шектеу, оның ішінде карантиндік шаралары туралы» 2021 жылғы 11 наурыздағы №4,  «Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 11 наурыз 2021 жылғы «Қызылорда облысы бойынша  шектеу,  оның ішінде карантиндік  шаралары туралы» №4 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 29 наурыздағы №5 Қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

10. Осы Қаулы 1, 2, 3 және  4-қосымшалармен толықтырылсын.

11. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

12. Осы Қаулы  қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қызылорда облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                              Д.Жанабергенова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: