Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Алексей Цой Президенттің «СҚ-Фармацияға» қатысты тапсырмасы қалай орындалғаны жөнінде баяндады

26.01.2021

1388 0

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан «СҚ-Фармация» компаниясының міндеттемелерін қайта қарау жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатқанын сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СҚ-Фармация» компаниясының қандай сын айтылғанын білесіздер. Ол жерге салмақты реформа керек. Осыған байланысты не істелді?» – деді Президент.

Бұл сұраққа жауап берген Денсаулық сақтау министрі компанияның жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілгенін мәлім етті.

«Қазіргі уақытта сіздің тапсырмаңызды орындаудың нақты жоспары құрылған. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бақылауында. Біз қоғамдық жұмыс тобын құрдық. 23 адамнан тұратын жұмыс тобына азаматтық қоғамның, қауымдастықтардың өкілдері мен депутаттар кірді. Біздің бақылаушы оның құрамына қоғам өкілдерін де енгізді. Бұл ретте дәрі-дәрмекті сақтау мен тасымалдау жұмысының электронды сатып алу тәртібіне көшкенін өте маңызды мәселе деп айтар едім. Биыл дәрі-дәрмекті сатып алу шаруасын толығымен автоматтанрыуды көздеп отырмыз. Осының арқасында өткен жылдан қарағанда біршама қаражатты үнемдей аламыз», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: