Сәрсенбі, 01 сәуiр, 11:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Алғаш рет 43 жастағы ер адамның жүрегін 15 жастағы жасөспірімге ауыстырды

01.04.2026

50 0

фото: shutterstock

Қазақстанда алғаш рет жасөспірімнің жүрегіне трансплантация жасау отасын жүргізді. 43 жастағы ер адамның жүрегін 15 жастағы жасөспірімге салды. Бұл елдегі бала трансплантологиясын дамытудағы маңызды қадам деп хабарлайды Астанадағы UMC Жүрек орталығынан, – деп хабарлайды  kursiv.media

Науқастың он жасынан бастап жүрегі ауырған. Жиі жағдайы күрт нашарлап, үнемі ауруханада ем қабылдауына тура келді. Оның өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы трансплантация болды.

Ал донор – 43 жастағы ер адам, ми өлімі тіркелген. Оның диагнозы белгілі болғаннан кейін туыстары дене мүшелерін донорлыққа алуға келісім берді.

«Олардың қабылдаған шешімінің, сондай-ақ дәрігерлер мен транспланттау бригадасының үйлесімді жұмысының арқасында жасөспірімде жаңа, толыққанды өмірге нақты мүмкіндік пайда болды. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық және ол жансақтау бөлімінен бейінді отадан кейінгі бөлімге ауыстырылды», – деп хабарлады Жүрек орталығы.

Бұл отаның елдің денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды екенін ескере отырып, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова науқасқа арнайы барып, жағдайын біліп қайтқан.

Қазір елімізде ағзаны транспланттау бойынша күту парағында 123 кәмелетке толмаған науқас тұр, оның ішінде 9 балаға жүрек ауыстыру қажет. Балаларға жүрек трансплантациясын әлемнің санаулы елдері ғана жасайды, ал барлық отаның 80%-ы АҚШ клиникаларына тиесілі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы қайтыс болған донорлардан жасалған трансплантация саны 2,6 есеге көбейген. Елде бүгінде 11 трансплантаттау орталығы жұмыс істейді. 
 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: