Ауру алғаш алқымнан қысқан тұста көпшілікте қорқыныш болған. Бұған дейінгі таныс емес ауру, қауіпті вирус деген. УАқыт өте келе кеселдің жолын кесетін коронавирусқа қарсы екпелер шыға бастады. Бұл қанша адамзаттың үрейін сейілткен медициналық жаңалық болды. Вирусқа қарсы екпені өзім алғашқылардың бірі болып салдырып, оны туыстарыма, жақындарыма насихаттаудамын. Бұл туралы психолог маман Гүлнар Омарова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Бүгінде коронавирус індетіне қарсы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселенің бірі. Себебі еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тым күрделеніп барады. Өткен жылғы коронавирус індетінің алғашқы толқыны көпшілігімізді есеңгіретіп тастады. Жақындарынан айырылған отбасылар қара жамылды. Сақтыққа салғырт қарағанымыздың соңы өкінішке ұласты. Биылғы жылы осы жағдайдың қайталанбауын алдын-алу аса қажет. Қазір сала мамандары коронавирус індетін жеңудің жалғыз жолы – вакцина салдыру екенін айтып отыр. Яғни, екпе салдыру арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, қоғамға қауіпсіз болуға мүмкіндік бар. «Мен, медицина саласының маманы болғандықтан, алғашқылардың бірі болып екпе салдырдым. Бүгін де бойымда ешқандай қорқыныш жоқ. Отбасым мен жақындарым үшін алаңдамаймын. Вакцинаның кеселді дерттен қорғайтынына сенемін. Осындай сенім барлық азаматтарда болу керек деп ойлаймын» – деді облыстық психикалық денсаулық орталығынң психологы Гүлнар Омарова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!