Сенбі, 21 желтоқсан, 21:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Алғысқа бөленген Айжан

11.04.2023

744 0

Медицина саласында қызмет етсем деген бала арманы оны алға жетеледі. Солай мектеп бітірген соң Қызылорда мемлекеттік мелициналық колледжіне оқуға түсіп, емдеу ісі мамандығын меңгерді. Бүгінде облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасының фельдшері Айжан Жақсылықова өз ісінің маманы.
Кейіпкеріміз медицина саласының мән-жайын бала кезден біледі деуге болады. Өйткені ата-анасы да осы салада талай жыл еңбек етіп, ел алғысына бөленіп зейнетке шыққан жандар. Отбасында өзі және әпкесі олардың ізін қуып, қиындығы мол саланың тізгінін ұстады.
– Денсаулық саласында еңбек ететін әрбір адамның мойнында үлкен жауапкершілік бар. Соның ішінде бізге артылған жүктің де салмағы басым. Күнделікті көмек сұраған науқастың жүрегіне жол табу, оның құқығына құрметпен қарау, жанашырлық таныту сала маманының негізгі қасиеті болуы тиіс. Одан бөлек, жұртшылық біле бермейтін түрлі жүктеме мен міндеттер бар. Сол үшін барлық әріптестерімді мамандығын шын сүйетін жандар деп айтар едім. Өзім бұл саланың тыныс-тіршілігімен 2008 жылдан бастап таныстым. Жылдар бойы сүйікті ісімнің қыр-сырын ұғындым. Биыл бұл салада жүргеніме 15 жыл толады. Осы уақыт ішінде әрбір пациентпен қалай тіл табыса білудің қыр-сырын үйрендім. Оларға айтқан жақсы сөзің жанына жылулық сыйлайды. Бір сәтке ауруын ұмытып, саған алғыс жаудырғанда ақ халаттылар үшін одан артық ештеңе жоқ, – дейді Айжан Сейітқалиқызы бізбен әңгімесінде.
Расымен, дертіңе шипа іздеген қысылтаяң шақта дәрігерден бұрын арқасүйерің осы жандар. Қолынан келер көмегін аямай дәрігер мен науқас арасында дәнекер болып жүретін олар құрметке лайық.
Біздің кейіпкеріміз тыңғылықты ісімен, жауапкершілігімен өз ортасына танылған жан. Алғашқы еңбек жолын Сырдария аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде бастаған. 2011 жылдан бастап қалалық жедел-жәрдем бөлімінде фельдшер қызметін атқарады. Ұжымның оң имиджін қалыптастыруда қоғам алдындағы жауапкершілігін толық түсіне білген оның еңбегі елеусіз емес. Ал отбасында аяулы жар, екі ұлдың анасы.


А.ӘЛІМ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: