Жұма, 31 қаңтар, 05:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Алматы облысында қайтыс болған донор 4 адамның өмірін сақтап қалды

31.01.2025

63 0

Фото: Владимир Третьяков

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында донорлық жүрек трансплантациясы сәтті өтті. 6 сағатқа созылған күрделі операция белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен жасалды, – деп хабарлайды Қазақпарат.  

Дәрігерлердің айтуынша, донордың жүрегін салған 43 жастағы пациенттің жағдайы қазір тұрақты. Науқас бір жарым жылдан бері жүрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрды. Энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынудың кесірінен жағдайы нашарлаған пациент, тіпті дәрі-дәрмек қабылдай алмайтын хәлге түскен. 

– Мені осы халге түсірген энергетикалық сусын. Оны көп ішетінмін. 1,5 жыл бойы соның салдарын тарттым. Жастарға айтатыным: қара су ішсеңдер де энергетик ішпеңдер. Күніyе 3-4 бөтелке ішетінмін. Маған екінші өмір сыйлаған донордың туыстары мен дәрігерлерге алғыс айтамын, – дейді Дәурен Атамбеков.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханада тағы бір апта жатқан соң оңалту бөліміне ауыстырылады.

– Жүректі трансплантациялау-күрделі операциялардың бірі, алайда біздің алған тәжірибеміз, дағдыларымыз, клиникамыздың техникалық жарақтандырылуы оларды жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді, – деді Институттың кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.

Бұл – жүрек трансплантациясы бойынша Алматыдағы екінші сәтті операция. Институт дәрігерлері 2023 жылы 19 жастағы жігітке донор жүрегін салған еді. 

Айта кету керек, донордан екі бүйрек, өкпе, сонымен қатар көз қабығы алынды. Бүйрек Жетісу облысының тұрғыны 17 жастағы науқасқа А. Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығында және астаналық 18 жастағы пациентке University Medical Center-де трансплантацияланды. Өкпе UMC-те қостанайлық 43 жастағы пациентке, көз қабығы кератопластикасы екі реципиентке трансплантацияланды. 

Қазір Қазақстанда жүрек трансплантациясын күту парағында 140 ересек адам және 5 бала тұр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: