Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Алматыда коронавирустың «британдық штамы» 32 адамнан анықталды

02.04.2021

1853 0

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте неше адамнан «британдық штамм» анықталғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қаладағы үздік зертханалардың бірімен келісіп британдық штаммды табу үшін зерттеу жүргізіп жатырмыз. Оның реактиві басқаша болады, күнделікті ПТР-ге алып жүрген реактив емес. Арнайы сол штаммды табуға арналған. Ол бойынша 40 реактив әкелінді, соның 32-сі немесе 78%-де британдық штамм көрсетілді, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ ол қаладағы аграрлық университеттің зертханасында да тексеріс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гранты бойынша жұмыс істеп жатыр. Ондағы ғалымдар жүзден аса зерттеменің ішінен 56 пайыз жаңа штамды анықтаған. Олар мұндай тексерісті күнде жүргізбейді, бір реттік зерттемемен бізде жаңа штамның бар-жоғын анықтайды. Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше жаңа штамдар еліміздің 13 өңірінде анықталған», – деді ол.

Бақытжан Сағынтаев бұл екі штаммның жұқтыру деңгейі өте жоғары екенін еске салды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: