2025 жылдың 6 қазанынан бастап Алматы қалалық мәслихатының XXXIV кезекті сессиясында қабылданған шешім күшіне енді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Құжатқа сәйкес, бірқатар азаматтар санаттары үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі кеңейтіліп, қосымша тегін дәрі-дәрмектер тізімі енгізілді.
Атап айтқанда, “Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясындағы дәрілік заттар” бөлімі мына препараттармен толықтырылды:
• Бронхиалды астма – Тезепелумаб;
• Псориаздық артропатия – Гуселькумаб;
• Гипофосфатемиялық рахит – Буросомаб;
• Ювенильді идиопатиялық артрит – Тофацитиниб;
• Крон ауруы – Ведолизумаб;
• Көп ошақты склероз (рассеянный склероз) – Офатумумаб;
• Прогрессивті жүйелі склероз, жүйелі склеродермия – Ритуксимаб;
• Қалқанша безінің қатерлі ісігі – Селперкатиниб;
• Өкпе обыры – Селперкатиниб;
• Көптік миелома – Помалидомид.
Аталған шешім 2025 жылдың 19 қыркүйегінде қабылданып, 6 қазаннан бастап күшіне енді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!