Бейсенбі, 20 қараша, 18:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Америка жүрек қауымдастығы қазақстандық ғалымдардың жұмысын мойындады

20.11.2025

45 0

Фото: BAQ.KZ

Nazarbayev University зерттеушілер тобы жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалауды жаңа деңгейге шығаратын бірегей зерттеу жүргізіп, Америка жүрек қауымдастығының назарын аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ғалымдар әлемде алғаш рет жүректі визуализациялаудың екі кең таралған әдісі ультрадыбыстық эхокардиография мен магниттік-резонанстық томографияның (МРТ) жүректен қанды айдап шығару күшін салыстырды.

Зерттеу нәтижелері Nature: Scientific Reports журналында жарияланып, АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында өткен American Heart Association 2025 конференциясында таныстырылды. Зерттеуге бір ғана топтан құралған дені сау еріктілер қатысты, бұл екі әдістің көрсеткіштерін дәл салыстыруға мүмкіндік берді. Ғалымдар ультрадыбыстық зерттеу МРТ-мен салыстырғанда жүйелі түрде төмен көрсеткіш беретінін анықтады. Бұл екі әдістің мәліметтерін бір-бірін алмастыратын көрсеткіш ретінде қолдануға болмайтынын көрсетеді. Клиникалық интерпретацияда бұл айырмашылықтар міндетті түрде ескерілуі тиіс.

Гемодинамикалық күштер жүрек қызметінің бастапқы бұзылыстарын анықтауда маңызды көрсеткіш болуы мүмкін, себебі олар симптомдар пайда болмай тұрып-ақ, ақауды анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстандық зерттеушілердің арқасында алғаш рет дені сау адамдарға арналған осы көрсеткіштердің эталондық мәндері анықталды. Енді бұл көрсеткіштерді әлем мамандары қолдана алады.

Бұл жұмыс жүрек-қан тамырлары жүйесін визуализациялау саласындағы болашақ зерттеулер үшін жаңа бағыт қалыптастырады. Мұндай зерттеу әлемде алғаш рет жүргізіліп отыр және Қазақстанда әлемдік ғылыми стандарттарға сай зерттеулер жасалып жатқанын дәлелдейді.

Америка жүрек ассоциациясының мойындауы университетіміздің жүрек-қан тамырлары медицинасындағы зерттеулері жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және әлемдік ғылымға қосқан үлесімізді көрсетеді,  деді NU Медицина мектебінің зерттеушісі Айжан Жанқоразова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: