Сәрсенбі, 30 сәуiр, 21:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Ана сүтімен қоректендіру маңызды

30.04.2025

95 0

Облыстық перинаталдық орталығында «Ана сүтімен емізуді қорғау, қолдау және ынталандыру» бағдарламасы аясында медицина қызметкерлері арасында «Жүкті әйел, емiзулi аналар мен сәбилердің денсаулығын сақтау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.


Семинарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ғазиза Абдығаппарқызы мен Ана сүтімен емізу бағдарламасының облыстық координаторы Нұргүл Жанайқызы жүргіздi.
Шарада бағдарламалардың маңызы мен сәтті емiзудiң 10 қағидасы, жүкті және емiзулi аналарға құнарлы тамақтанудың пирамидасы, ана сүтімен емізудiң маңыздылығы және ана сүтінің жеткiлiксiздiгi тақырыптарында дәрістер оқылды.
Ана сүтімен емізу «Балаға ізгі ниетпен аурухана» атты халықаралық бастамамен тығыз байланысты. Бұл бағдарлама елiмiзде әрбір анаға сәбиін омырауымен емізуде қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылып келеді.
Ана сүті – бұл жай ғана тамақ емес, бұл тірі қорғаныс, баланың денсаулығы мен ана арасындағы ерекше байланыстың негізі. Ол баланың иммунитетін нығайтып, аурулардың алдын алып қана қоймай, ана денсаулығына да оң әсерiн тигізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: