Сенбі, 21 желтоқсан, 23:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Ана үйі» 10 жылдығын атап өтуде

18.05.2023

744 0

Қызылорда қаласындағы «Ана үйінде» мемлекеттік орган өкілдерінің, еріктілердің, қаржылық қолдау көрсететін кәсіпкерлердің қатысуымен мерекелік іс-шара болып өтті.
Ана Үйі 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдан бастап «Ана Үйін» бизнесмен Алидар Утемуратов қаржыландырады. Осы уақыт ішінде мұнда балаларынан бас тарту алдында тұрған ХХХ -ден астам қыз көмек алды.
Қор барлығы 8000-нан астам баланы, оның ішінде бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің көмегімен отбасыларына орналастырылған балаларды жетімдіктен құтқарды.
Естеріңізге сала кетейік, Ана үйі ресурстық орталықтарымен қатар бүкіл ел бойынша «Ана үйі» ҚҚ Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттігінің кеңес беру кабинеттері жұмыс істейді, онда психологтар мен заңгерлер асырап алушы ата-ана болғысы келетін отбасыларға кешенді көмек көрсетіледі.
«Қазіргі таңда Ана үйлері өздерінің тиімділігін көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде бүкіл ел бойынша жаңа туған нәрестелерден бас тарту саны 69%-ға қысқарды. Балаларға арналған мекемелерден балаларды отбасыларға, оның ішінде кәсіби асырап алушы отбасыларға орналастыруға жәрдемдесу жұмыстары да нәтиже көрсетті. Қордың барлық күш-жігері жақын арада балаларға арналған мекемелердің жабылуына ықпал етеді. Қалған интернаттық мекемелерді отбасыларға орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі әлеуметтік қызметтерге айналдыру қажет, онда балалар қысқа мерзімге келетін болады», – деп жоба басшысы Аренова Сания Сұлтанхамитқызы атап өтті.
Сондай-ақ, «бізге көмек көрсеткендердің барлығына алғыс білдіргіміз келеді. Осы уақыт ішінде Қызылорда қаласындағы Ана Үйінің қолдауымен ХХ-ден астам балалары бар әйелге көмек көрсетілді. Бізге қиын өмірлік жағдайға тап болған және баладан бас тартудың алдында тұрған жас аналар жүгінеді. Біздің басты мақсатымыз – баланы туған анасымен бірге қалдыру», – деді Қордың Қызылорда облысындағы өңірлік өкілі Дина Жүсіпбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: