Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді

31.07.2023

1184 0

          «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 2022-2023 жылдары ЭКҰ 19 000-нан астам әйелге жүргізілді, 7 000-нан астам әйел жүкті болды, 3 800 отбасында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді, 2 500 жүкті әйел бала тууды күтуде. Биыл 2023 жылға өңірлер бөлінісінде барлық 7 000 квота бөлінді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

          Қазақстанда бедеуліктен зардап шегетін пациенттердің міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде экстракорпоралдық ұрықтандыру арқылы медициналық көмек алу құқығы заңнамалық түрде бекітілген. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге арттыра отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

          Президент тапсырмасын сапалы іске асыру мақсатында министрлік еліміздің жетекші бейінді мамандары қатарынан жұмыс тобын құрып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бекітті, тиісті НҚА әзірледі.

          Жалпы алғанда, фертилдік жастағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бөлінісінде ЭКҰ жүргізуге жыл сайын 7 000 квота бөлінеді.

          Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС шеңберінде мемлекеттік қызметті 19 клиника (оның ішінде 3 мемлекеттік, 16 жеке) ұсынады. Ай сайын орындалған бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізеді.

          «Аңсаған сәби» бағдарламасының іс-шаралары «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі тұжырымдаманың жобасында көзделген.

          Мұның бәрі МӘМС жүйесінде 2030 жылға дейін жыл сайын дайындалған ЭКҰ пациенттерінің барынша көп санын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

          Қазақстан қосалқы репродуктивті технологияларды қолдана отырып, бедеулікті емдеуде алдыңғы қатарда, елде гинекология, андрология, генетика, эмбриология, перинатологиядағы соңғы технологиялар қолданылады.

          Министрліктің бірінші кезектегі міндеттері жасөспірімдер мен жастарға профилактика және жыныстық білім беру бағдарламасын жетілдіру болып табылады. Бұл жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алу және емдеу, қауіпті аборттардың алдын алу, контрацепциямен қамту және саламатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: