Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын қарашаның ортасында Антимикробтық препараттарды дұрыс пайдалану апталығы өтеді. Биылғы апталықтың тақырыбы – «Әрекет етудің уақыты: бүгінді қорғаймыз, болашақты ойлаймыз!»
Қазірдің өзінде антибиотиктерге төзімді бактериялардың көбеюі ауыр, қиын емделетін жұқпалардың өсуіне және өлім-жітімнің артуына әкеліп отыр. Мәселенің ауқымы – антимикробтық препараттардың қолжетімділігі мен олардың орынсыз қолданылуымен байланысты.
Дегенмен, дәл осы себепті әрқайсымыз антибиотиктерге төзімділіктің таралуын баяулата аламыз – ол үшін емге саналы қарау және антибиотиктерді дұрыс пайдалану жеткілікті.
Денсаулығыңызды және болашақ ұрпақтың саулығын қорғауға көмектесетін 6 қарапайым алдын алу шарасын ұсынамыз:
- препаратты қолдану жағдайларын ескеру
- антибиотиктер вирустық инфекцияларға қарсы әсер етпейді – олар тек бактериялық ауруларды емдеуге арналған.
Дәрігер препаратты тағайындағанда: - Қоздырғыш факторларын:
- ықтимал микроорганизмді және оның препаратқа сезімталдығын;
- Пациент факторларын: – аллергиялық анамнезді, бауыр мен бүйрек қызметін, иммундық жағдайын, жасын, аурудың ауырлығын және басқа да ерекшеліктерін ескереді.
Антибиотиктерді тек дәрігер нұсқауымен қабылдау
Инфекцияның нақты себебін анықтап, дұрыс препаратты, оның түрін, дозасын және қабылдау схемасын тек дәрігер таңдай алады.
Туыстар, таныстар немесе тіпті фармацевт дәрігердің диагностикасын алмастыра алмайды.
Қабылдау жиілігі мен схемасын сақтау
Емнің тиімділігі препараттың жұқпа ошағындағы концентрациясына тікелей байланысты. Сондықтан келесі ережелерді қатаң сақтау қажет:
- қабылдау уақыты;
- доза мөлшері;
- қабылдау аралықтары.
Ем курсін толық аяқтау
Емді өзіңізді жеңіл сезінгенде тоқтату – антибиотиктерге төзімділіктің дамуының басты себептерінің бірі. Толық аяқталмаған курс ең төзімді бактериялардың тірі қалуына мүмкіндік береді, сондықтан кейінгі инфекцияларды емдеуге әлдеқайда қиын болады. Клиникалық жақсаруы емді тоқтатуға себеп бола алмайды.
Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшысының орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!