Дәрігерлер арасында волейболдан ел біріншілігі өтуде. Бұл сайысқа Қазақстан бойынша тек қана психикалық денсаулық орталықтарының қызметкерлері ғана қатыса алады. Екі күнге созылатын дүбірлі доданың ашылу салтанаты «Мұз айдынында» өтті.
Еліміздің 20 аймағынан 13 команда сынға түсіп жатқан сайыстың алдында ақ халаттыларға арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. «Психикалық денсаулықты нығайту амалдары» атты іс-шарада мамандар өзара тәжірбие алмасып, пікір бөлісті.
– Команда құрамында дәрігерлер, медбикелер және басқа да қызметкерлер бар. Алдымен біздің ғылымда да орнымыз бар екенін көрсетеміз. Сонан соң салауатты өмір салтын ұстанатымызды айқындап, сайыста бақ сынасамыз. Бұл біздің жан-жақтылығымызды көрсетеді. Сайысқа түсу арқылы біз өзіміздің командамен қалай жұмыс істейтінімізді дәлелдейміз, – дейді республикалық ғылыми орталықтың бас директоры Алтынай Есқалиева.
Сайыс ертең де өз жалғасын табады. Бұл спартакиада 2022 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Аида АМАНЖОЛ,
Айша ӨМІРЗАҚОВА,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің студенттері
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!