Сәрсенбі, 22 қазан, 00:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Армандар ажалға айналды: екі қайғылы оқиға пластикалық отаның көлеңкесінде

21.10.2025

46 0

Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжілістің кулуарында Астанада пластикалық операциядан кейін орын алған екі қайғылы жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистердің сұрағына жауап берген ол екі әйелге де бір дәрігердің ота жасаған-жасамағаны жөнінде нақты ақпаратты тергеу анықтайтынын айтты.

Жазда болған оқиға бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тексеріс жүргізіп, клиниканың лицензиясыз жұмыс істегенін анықтаған. Яғни мекеме қызмет көрсету барысында заң талаптарын бұзған. Барлық материалдар құқық қорғау органдарына берілді, қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр, – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Айтуынша, екінші жағдай да елордада тіркелген.

Шағым жақында түсті. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті келесі аптада тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Қорытындысы шыққан соң қосымша хабарлаймыз. Дәрігердің кім екені, қателікке қалай жол берілгені, клиниканың лицензиясының бар-жоғы – бәрі анықталғаннан кейін жарияланады, – деп түсіндірді вице-министр.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Астанада пластикалық операциядан кейін екі оқиға тіркелгені мәлім болды. Бір науқас ес-түссіз халге түссе, екіншісі көз жұмған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: