«7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай, ұлттық бағдарлама тұжырымдамасына сәйкес «Денсаулыққа бiрге! Ғылыммен бiрге!» ұранымен аймағымыздағы барлық емханаларда тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік» күнi ұйымдастырылды.
«Ашық есік» күнiн өткiзгендердiң қатарында №6 қалалық емхана да бар. «Ашық есік» күнiнде емханада тұрғындарға тар буынды мамандардың қатысуымен профилактикалық қарап тексеру жұмыстары жүргізілдi.

Сондай-ақ сағат 09:00-15:00 аралығында қала тұрғындарына медициналық тексерулер жүргізу үшін жылжымалы медициналық кешен тегін медициналық қызмет көрсеттi.

Сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйе мен томосинтез функциясы бар цифрлы маммографиямен қамтамасыз етiлген жылжымалы медициналық кешенде онколог, ультрадыбыстық зерттеулер, сәулелік диагностика дәрігері және тағы да басқа мамандар медициналық тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
