Дүйсенбі, 17 қараша, 11:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Астанада колоректалды хирургтардың I конгресі өтті

17.11.2025

36 0

Фото: Денсаулық сақтау министлігінің баспасөз қызметі

Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында колоректалды хирургтардың алғашқы Қазақстандық конгресі өтті. Іс-шарада отандық және шетелдік жетекші хирургтар, ғалымдар мен медициналық ұйым өкілдері колоректалды хирургия саласындағы заманауи жетістіктер мен өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зерттеулер көрсеткендей, декомпенсацияланған долихосигма диагнозы қойылған пациенттердің 78%-ы – әйелдер. Оның ішінде 62%-ы еңбекке қабілетті жаста, бұл аурудың медициналық қана емес, әлеуметтік маңызын да арттырады. Көбірек анықталған аймақтар – Қарағанды облысы, Астана және Алматы қалалары.

2024 жылы бұл диагнозбен 5 462 пациент емделген, олардың 27-сі қайтыс болды. Ал 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 5 990 пациент емделіп, өлім-жітім 15 жағдайға дейін азайған. Сарапшылар бұл көрсеткішті колопроктологиялық көмектің сапасының артуымен байланыстырады.

Конгрессте колоректалды хирургиядағы заманауи әдістер, тоқ және тік ішек ауруларының диагностикасы мен емі, соның ішінде онкологиялық патологиялар талқыланды. Сонымен бірге:

  • жедел парапроктитті екі кезеңде емдеудің тиімділігі,
  • кіші проктологияда лазерлік технологияларды қолдану,
  • инфекциялардың алдын алу үшін стандартталған чек-парақ енгізу сияқты тақырыптар қаралды.

Қатысушыларға профессор, академик Жақсылық Досқалиев, М.М. Мамакеев атындағы Ұлттық хирургия орталығы (Қырғызстан) директорының орынбасары Жәнібек Әшімов, ҰШМҮО басқарма төрағасы Ержан Әділбеков және Қазақстандық колоректалды хирургтар қауымдастығының президенті Батыр Айтмолдин құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстандық колоректалды хирургтар қауымдастығы кәсіби ортаны дамыту, инновациялық әдістерді енгізу және дәлелді медицина қағидаттарын ілгерілету бағытында жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: