Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Астаналық тұрғынның тісінде дәрігердің екі құралы қалып қойған

07.02.2023

1178 0

Астаналық тұрғынның тісінде дәрігердің құралы қалып кеткен, деп хабарлайды Астана арнасы.

Осыдан екі жыл бұрын Гүлнұр есімді азаматша қаладағы емханалардың бірінде тісін емдеткен. Алайда соңғы уақытта сол емдеткен тісі ауырып, маза бермепті. Дәрігерге көрінсе, тісінде медициналық құрал қалып қойғаны анықталыпты.

“Ол кезде аяғым ауыр еді. Тісім мазалап жүрді. Сол кісіге екі-үш рет барып жүрдім. Соңғы барғанымда нервтерді алып, маған пломба қойып берді тісіме. Сөйтсем нервты алып жатқан кезде бір құралы тістің түбірінен өтіп, сүйекте қалған, біреуі тістің түбірінде қалып кеткен. Бетін пломбамен жауып жібере салды болды”, – дейді жәбірленуші Гүлнұр Дүйсенбайқызы.

Әйелдің айтуынша, бұған дейін емдеген дәрігер өз қателігін мойындаған. Ешқандай көмек көрсетілмеді дейді. Ал емхана әкімшілігінің жауабы мынадай.

“Диагноз қойылды: Созылмалы пульпит. Емдеу жүргізілді: анестезиямен кариозды қуысты дайындау. Тұрақты тіс пломбасы қойылды. Бақылау рентгені жүктілікке байланысты жүргізілмеген. Ұсыныстар берілді: бала туылғаннан кейін қайта тексеруден өту ұсынылды, алайда 2021 жылдың 21 мамырында басқа аймаққа көшуіне байланысты есептен шығарылды”, – дейді емхана әкімшілігі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: