Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аурухана басшысы бюджет қаржысын жымқырды

25.01.2024

465 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Аурухана басшылары 758 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Оқиға Тараздағы көпбейінді ауруханада орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Тараздағы көпбейінді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен есепшісін ұстады. Бюджет қаржысын жымқырған қос күдікті қамауға алынды. Алайда антикор ірі көлемдегі ақшаның қалай ұрланғаны туралы ақпаратпен бөліскен жоқ. Күдіктілерге қатысты іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

“Келтірілген шығын 758 млн теңгеден асады. Сот санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: