Дүйсенбі, 20 қазан, 12:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Аурухана дәлізінде жатқан науқастар

20.10.2025

113 0

Фото: pixabay

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында дәлізде жатқан науқастар бейнеленген видео тарап, қоғамда қызу талқыланды. Бейнежазбада бірнеше пациенттің, оның ішінде баласы бар әйелдің дәлізде жатқаны көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar арнасына сілтеме жасап.

Қалалық әкімдік бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, мәселе ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша орын алғанын хабарлады.

Пациенттерді дәліздерге уақытша орналастыру жаппай түскен науқастар кезінде ғана жүзеге асырылады және санитарлық нормаларды бұзбайды. Мұндай шешім Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына сәйкес қабылданған, – делінген әкімдік хабарламасында.

Ресми мәліметке сәйкес, жұқпалы аурулар ауруханасының 10 бөлімшесінің сегізі тәулік бойы жұмыс істейді және аса қауіпті инфекцияларға көмек көрсетеді. Палаталар 2-4 төсекке арналған, санитарлық тораптар мен желдету жүйесі орнатылған.

Сонымен қатар, әкімдік санитарлық талаптар мен дәрігерлік әдепті бұзу фактілері анықталмағанын, барлық науқастардың жай-күйі дәрігерлердің тұрақты бақылауында екенін мәлімдеді.

Жұқпалы аурулар ауруханасы әкімшілігінің хабарлауынша, эпидемиологиялық жағдай тұрақты, ал мейірбике қызметкерлерінің іс-әрекеті бекітілген стандарттарға толық сәйкес келеді.

Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан кейін қабылданған жедел шаралар нәтижесінде барлық пациенттер палаталарға орналастырылып, жағдай толық реттелген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: