Қазақстан «өмірлік маңызы бар дәрілердің» 37%-ын өзі өндіріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Қазіргі таңда елімізде 10 мыңнан астам дәріхана ұйымдары жұмыс істейді, оның ішінде 2 700-і ауылдық жерлерде орналасқан. Шалғай елді мекендерде 11 жылжымалы дәріхана пункттері жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындарына дәріханалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін келесі жылы жаңадан ашылып жатқан ауылдық медициналық ұйымдар базасында дәріхана пункттерін ашу жоспарлануда, – деп атап өтті ведомство өкілі.
Айтуынша, бүгінгі күні 2 174 дәріхана тиісті дәріханалық тәжірибе (GDP) стандарттарына сәйкестігін растаған.
Елімізде жалпы 20 476 дәрілік зат пен медициналық бұйым тіркелген, олардың 15 %-нан астамы – қазақстандық өндірушілер үлесіне тиесілі. Ал, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған «өмірлік маңызы бар дәрілер» (ЖФЛС) тізімінде елімізде отандық өнімдер үлесі 37%-ды құрайды, – деді Тимур Мұратов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
