Ауылға келген дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі, бірақ кей өңірлерде төлем әлі іске аспаған. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау мамандарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі, – деді Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ Әлназарова медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру үшін әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілгенін айтады.
Мәселен, 2024 жылдан бастап ауылдық жерге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне 100 айлық ең төменгі жалақы (ЕТЖ), яғни 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма іске асырылуда. Алайда, бүгінгі күні төлемдерді төлеу бойынша шешімдер кейбір өңірлерде әлі күнге дейін қабылданбаған, – дейді ведомство басшысы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!