Бейсенбі, 18 желтоқсан, 09:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Ауыр халдегі науқастардың құқықтарын дәрігерлер бұзғаны анықталды

27.11.2025

162 0

Фото: - архив

Павлодар прокуратурасы онкологиялық науқастардың құқықтарының бұзылуын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Павлодар прокуратурасы медициналық ұйымдарда онкологиялық науқастарды мүгедектік пен әлеуметтік төлемдер алу үшін міндетті рәсім болып табылатын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмегенін анықтады.

Жекелеген медицина қызметкерлерінің әрекетсіздігі салдарынан ауыр халдегі пациенттер іс жүзінде заңмен көзделген әлеуметтік қолдау шараларынан айырылған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 95 пациент МӘС-ке жіберілді, олардың 38-і мүгедектік дәрежесін алды, 57-сі сараптамадан өтуде, – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратура ұсынуын қарау нәтижелері бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: