Рамазан – айлардың сұлтаны. Аталмыш кезеңде мұсылман қауымы Алла разылығы үшін Ораза тұтып, иман байлығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар бұл мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлылық пен кешірім айы.
Облыстық психикалық денсаулық орталығы қасиетті Рамазан айына орай дәстүрлі шараны жалғастырды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен, Ораза ұстап, ауыз бекіткен орталық қызметкерлеріне Ауызашар жиынтығын таратып, құрмет көрсетті. Аталмыш шара жыл сайын ұйымдастырылып келеді.
«Барлығымыздың ұстаған Оразамыз бен тілеген дұғаларымыз қабыл болсын. Рамазан Мүбәрак болсын», – деп тілегін білдірді орталық директоры Әділбай Медетбаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!