Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бала бақыты бәрінен қымбат

28.05.2022

1111 0

«Балалар жылына» орай денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баланың денсаулығын сақтау жөніндегі шара­ларды іске асыруға баса назар аударуда. Атап айтсақ, қан құрамына, жалпы зәр талдауына аса көңіл бөлу, жай талдаулар арқылы көптеген аурудың алдын алуға мониторинг жасап, қарауда. Сондай-ақ балаларды туа біткен әртүрлі аурудан отоакустикалық эмиссия, есту әлеуетін тіркеу арқылы барлық медициналық ұйымға апараттарды жеткізу, аутизмге арналған түрлендірілген скринингтік тестілер емханаларда енгізіле бастады.

Расында, денсаулық – басты байлық. Себебі «Он екі мүшең сау болса, жарлы­мын деме» деген тәмсіл денсаулықтың адам өміріндегі орнын аңғартып тұр­ғандай. Бүгінде дені сау баланы дүниеге әкелу де үлкен ерлікпен тең. Өйткені демографиялық ахуалды жақсартуда ана мен бала денсаулығы маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде  бір өкініштісі, нәрестелер ауруы медицина мамандарын ойландыруда. Олардың айтуынша, ең бастысы  әйелдер өз денсаулығына көңіл бөлуі тиіс. Себебі дені сау анадан дені сау бала дүниеге келеді. Соңғы кездері уақытынан ертерек босанатындар қатары артқан. Оған бала көтеру жасындағы әйел­дердің басым көпшілігінің қан аздығы мен  иммунитеті төмендігі себеп болуда. Оны күнделікті өмірден де көріп жүрміз. Жасыратын несі бар, елімізде ағзасы жан-жақты жетілмеген, аурушаң, әлсіз сәбилер жарық дүниеге келетін жағдай жиілеп кетті.

Денсаулық сақтау министрінің айт­уын­ша, биыл ауру балалардың еміне рес­публикалық бюджет есебінен 16,5 млрд теңге қаражат бөлінді. Оған 9 сирек немесе орфандық аурулары бар балаларды емдеу үшін 24 дәрілік зат сатып алынады. Сирек кездесетін аурулар ішінде жұлын-бұлшықет атрофиясы және эпилепсиясының сирек кездесетін түр­лері бар. Сонымен қатар өткен жылы Президенттің тапсырмасымен «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Мұнда 2026 жылға дейін жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. Биыл сәуір айындағы жағдай бойынша ЭКҰ арқылы 1307 бала дүниеге келіп, 3063 әйел жүкті болды. Бұл көрсеткіш 43 процентті құрап отыр.

А.ОЛЖАБАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: