Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бала денсаулығы үшін…

28.05.2022

926 0

«Балалар жылына» орай облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Aray City Mall» сауда орталығында ашық есік күні өтті. «Барлық мейірім балаларға!» атты шарада арнаулы мамандар бүлдіршіндерге кеңес берді.

– Бала біздің жарқын болашағымыз. Бүгінде ден­саулық сақтау басқармасы тарапынан түрлі акциялар басталды. Соның бірі міне, балалар жылына орай ұйым­дастырылып отыр. Бү­гінгі шараны арнайы адам­дар көп шоғырланатын сауда орталығында өтуде. Мұнда облыстық балалар ауруханасы, №3 қалалық емхананың арнаулы сала дәрі­герлері балаларды қарап, кеңес беруде. Олардың ішінде онко-гематолог,  нев­ропатолог,  хирург дәрігелері бар. Өзіңіз көріп тұрғандай, келушілер саны өте көп. Алдағы уа­қытта облыс кө­ле­мінде ме­дициналық ұйым­дарда ашық есік күн­дері жиі өткізіледі, – деді облыстық денсаулық сақ­тау басқарма басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Расында, баласын дәрі­герге көрсетуге келген ата-аналар қарасы қалың. Со­лар­дың бірі – Қазалы ауданы­нан келген Раушан апа. Ол не­мересінің асқазаны ауырған соң, облыс орталығына ақы­лы негізде көрсету үшін келген. Алайда осындай ашық есік күні өтетінін естіп, УЗИ-ға түскен барлық қағазын әкеліп, дәрігер кеңесін алды. Енді дәрі-дәрмегін алып, ауыл­ға қайтамыз деп қуанып тұр.

Мейірім – әрбір балаға жылулық сыйлайды. Бүгін­гі шара да сондай игі істер­дің бір парасы. Сондай-ақ мұн­да тексерілуге келген бүл­діршіндерге ақ халаттылар тарапынан түрлі сыйлық табысталды. Қарап отырсақ, бір-бір баланы жетектеген ананың жанарынан алаңдау­шылық байқалады. Дегенмен аниматордан түрлі сыйлық алған бала қуанышында шек жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: