Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балалар арасында сарып ауруы өршіп тұр

23.12.2022

787 0

Есепті 2022 жылдың 11 айында сарып ауруымен 46 адам есепке алынды. Бұл 2021 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 26%-ке жоғары. 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалады. Егер ағымдағы жылдың 11 айында 11 дерек тіркелген болса, өткен жылдың дәл осы кезеңінде сарып ауруы 5 баладан анықталған.
Биыл сарып аурушаңдығы облыста Сырдария ауданынан басқа барлық аудандар мен қалада орын алды. Атап айтқанда, Жаңақорған ауданында 12 жағдай, Қармақшы ауданы мен Қызылорда қаласында 10 жағдайдан, Қазалыда-7, Шиеліде-3, Жалағаш пен Арал аудандарында 1 жағдайдан тіркеліп отыр.
Науқасқа шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 80,4% құрады. Аудандық, қалалық басқарманың есептеріне сәйкес бруцеллез індетіне шалдыққандар, ауылшаруашылық малдары арасында бруцеллезден қолайлы елді мекен тұрғындары.
Аурудың негізгі көзі – жануарлар. Сарып ауруы адамға көбінесе жанасу мен алиментарлы жолдар арқылы жұғады. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауру малды төлдету, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу кезінде арнайы киім, резеңке қолғапты пайдалану қажеттігін, мал өнімдерін тек рұқсат етілген орындардан алуды, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін қолданар алдында термиялық өңдеуден міндетті түрде өткізуі қажеттігін еске салады.
Аурудың клиникалық белгілері – дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, дене салмағын жоғалту. Індетке шалдыққан адамның буындары ауырып, бұлшық еттері мен жүйке жүйесі зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға, жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп соқ¬тыруы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: