Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының бала емдеудегi мүмкіндігi өте жоғары. Аурухана дәрігерлерi бұл бағытта әрдайым бiлiмдерiн жетiлдiрiп, ұдайы алыс-жақын шет ел мамандарымен тәжірибе алмасып отырады. Сондай тәжірибе алмасудың бірі ауруханада үш күннен берi жалғасуда.
Ашып айтар болсақ, аурухана реанимация бөлімшесінде «Қарқынды терапиядағы тыныс алуды қолдау» тақырыбында мастер-класс өткiзiлдi. Мастер-классқа арнайы Мәскеу қаласынан Дмитрий Рогачев атындағы «Балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясы ұлттық медициналық ғылыми орталығы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Аккредиттеу және симуляциялық орталығының жетекшісі, GISP педиатриядағы симуляция бойынша халықаралық топтың үйлестірушісі, педиатрия және неонатологиядағы тыныс алуды қолдау жөніндегі испан жұмыс тобының нұсқаушысы Лоайса Уго Карлос шақыртылды.
Аймақтағы анестезиолог-реаниматолог мамандар қатысқан дәріс балаларға респираторлы көмектегі машықтарын күшейту, жетілдіру, нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Үш күнге ұласқан мастер-класста желдеткіш негіздерi негізгі аспектілері, тыныс алу механикасы, өкпені жасанды желдету әдістері мен режимдерінің жаңа классификациясы, балалардың қарқынды терапиясындағы тыныс алуды қолдау тақырыбында тарқатылса, тәжірибелік дағды барысында практикалық мәселелер науқас балалардың нақты клиникасына сәйкес өз шешімін тапты.
⚜️ Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында 360 төсек орын стационар және бір ауысымда 300 бала қабылдайтын кеңес беру диагностикалық емхана жұмыс жасайды.
⚜️ Ауруханада 13 клиникалық бөлімше, сондай-ақ 5 төсек паллиативті палата бар.
⚜️ Емдеу орнында күніне шамамен 20-30 бала емделіп, 20 ота жасалады.
⚜️ Мамандар жеткiлiктi.
⚜️ 2020 жылы 60 төсектік реабилитация бөлімі қайта бейіндендірілді.
⚜️ 2022 жылы «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылып, жұмыс жасауда.
⚜️Сонымен қатар, ауруханада 2017 жылы «Балалық шақ ауруларын ықпалдастыра емдеу» оқу орталығы ашылып, медицина қызметкеткерлері дипломнан кейінгі білімдерiн үздіксіз жетілдіруде.
⚜️ Аурухана 94 пайыз медициналық техникамен қамтылған.
⚜️ Емдеу орны компьютерлi томография, когерентный томограф, нанодакт және тб заманауи аппараттармен қамтылған.
⚜️ Ауруханада емделетін науқастар, мемлекет тарапынан бөлінетін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы тегін ем алады.
⚜️Дәрі-дәрмек жеткілікті.
⚜️ Ең қуантарлығы – бұрын республикадағы iрi Алматы, Астана қалаларына барып ем қабылдайтын науқас балалар қазіргі таңда жергілікті жердегi балалар ауруханасында емдерін қабылдауда. Бұған мүмкіндік толық қарастырылған.
⚜️Балалар ауруханасының емдiк шара жүргiзудегi мүмкіндігi жоғары.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!