Жұма, 22 қараша, 04:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Балалар құм алаңында ойнағанда абай болуы тиіс

16.05.2023

1039 0

Сәуір мен қазан айлары аралығында құм төселген орындар балалардың сүйікті ойын аландарының біріне айналатыны белгілі. Осыған байланысты, ата-аналарға әр аулада, әр мектепке дейінгі ұйымда болатын балалардың құм алаңқайы жұқпалы және паразиттік аурулардың көзі болуы мүмкін екенін еске саламыз. Ылғал құм патогендік бактериялардың көбеюін тудырады. Құм алаңқайын ластанудан және ылғалданудан қорғау үшін түнде және жауын-шашын кезінде жабу керек.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, жыл сайын көктемгі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріндегі ойын алаңдарында құм толық ауыстырылып отыруы қажет. Алдымен құм төселген алаңды қыс мезгілінде жиналған барлық қоқыстардан тазарту керек. Жаңадан әкелінетін құм паразитологиялық, микробиологиялық, санитариялық-химиялық, радиологиялық көрсеткіштер бойынша талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардың әкімшілігі өндірістік бақылау шеңберінде жылына кемінде бір рет құм мен құмның астындағы топыраққа санитарлық-микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер (гельминттерді анықтау) жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс екенін еске саламыз.
Құм алаңындағы ойындар кезінде жағымсыз жағдайларды болдырмас үшін келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет:

  • көшеден үйге оралғанда, баланың қолын мұқият жуу керек.
  • баланы ауыр аурулардан қорғау үшін барлық қажетті вакцинацияларды жасаңыз;
  • егер баланың денесінде сызаттар болса, оларға инфекция түспеуі үшін жараны өңдеп, жапсырғышты қолданған жөн;
  • баламен далаға шыққанда сулы майлықтарды өзіңізбен бірге алып шығуды, құмда ойнаған кезде қалыптар, күрекше және басқа да заттармен қатар қолын да аузына салмауын қадағалауды, әр серуеннен кейін ойыншықтарын және аяқ киімін мұқият өңдеуді ұсынамыз.

Динара Жанабергенова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: