Жексенбі, 24 қараша, 16:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Басқа жол жоқ»: Қазақстанда екпе алмағандардың балабақшаға баруына тыйым салынбақ

31.03.2023

467 0

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Время» газетіне берген сұхбатында вакцинацияланбаған балаларға балабақшаларға баруға тыйым салынатынын айтты. Себебі білім беру ұйымдарында қызылша ауруының саны күрт өскен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Наурызда Қазақстанда қызылшаның 70-тен астам жағдайы зертханамен расталды.

Ең қауіпті жағдай Алматыда байқалды. Мұнда жыл басынан бері қызылшамен 46 науқас ауырды. Науқас балалардың жартысының ата-аналары екпеден бас тартты.

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, балабақша тобындағы балалардың 90%-ы вакцинациялануы керек. Егер екпе алмағандардың саны көп болса, онда олардың келуіне тыйым салу мәселесі қарастырылады.

«Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарының бірінде норма бар. Балабақшаларда вакцинацияланбаған балалардың саны 10 %-дан аспауы керек. Жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне осыны анықтауға мониторинг жүргізуді тапсырдық. Егер норма сақталмаса, вакцинацияланбаған балаларды балабақшаларға жіберуді тоқтатамыз. Мұны өзіміз ауырмас үшін және басқаларға жұқтырмас үшін жасаймыз. Басқа жол жоқ. Бұл – заң нормасы, ортақ жауапкершілік. Науқастардың саны өсе береді, біз балаларды қорғауымыз керек», – дейді Айжан Есмағамбетова.

Вакцинацияланбаған балаларда қызылша ауруының даму қаупі жоғары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: