Дүйсенбі, 30 маусым, 21:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47,2160
28.06.2025
PDF мұрағаты

Басқарма басшысы жас мемлекеттік қызметшілердiң ата-аналарын марапаттады

30.06.2025

59 0

«23 маусым – мемлекеттiк қызметшiлер күнiне» орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы басқарманың жас мемлекеттік қызметкерлерi Дана Есетова мен Әйгерім Жалғасованың ата-аналарын «Алғыс хатпен» марапаттады.

Әріптестерін мерекемен құттықтаған Олжас Ермекұлы жас мемлекеттік қызметшілердiң ата-аналарына еңбексүйгiш, жауапты мамандар даярлаудағы еңбектеріне алғыс білдірді.

«Әрiптестерiмдi мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызметшілер – Қазақстанның жарқын болашағы жолында халықтың аманатын арқалап, уақытпен санаспай еңбек етіп, антқа адалдықтың, халыққа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетіп келедi. Оның ішінде жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері болмақ. Осы тұста саламыздың дамуы жолындағы қосқан зор үлестеріңіз үшін Сiздерге алғысымды білдіремін. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!», – деді аймақтың бас дәрігері.

Айта кетейік, бүгінде облыстық денсаулық сақтау басқармасында 28 мемлекет қызметші аймағымыздың қарыштап дамуына елеулі үлес қосуда. Олардың 8-i ер, 4-уi басшылық қызметте болса, 18-i әйел азаматшалар 6-уы басшылық қызметте. Одан бөлек саламызда 35 жасқа дейінгі 5 жас мемлекеттік қызметші еңбек етуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: