Жұма, 29 қараша, 08:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Бауырмен ойнамаңыз

21.01.2023

558 0

Гепатит – бауырдың полиэтиологиялық диффузды қабыну ауруы. Негізінен вирусты гепатиттер: гепатит А, гепатит В, гепатит С, гепатит Д, гепатит Е болып бөлінеді. Соның ішіндегі тоқталатынымыз  вирусты гепатит А (ВГА).

А вирусты гепатит – фекалды-оралды механизмі арқылы берілетін вирусты ішек инфекциясына жатады. Мұнымен көбіне 1 жастан асқан  балалар (әсіресе, 3-12 дейінгі жаста) және жастар арасында да жиі  тіркеледі. Күз, қыс мезгілінде орын алатын бұл дерттің белгілерін бірнеше түрі арқылы анықтауға болады. Мәселен, жедел басталады, дене қызуы 38-39°С көтеріледі, ол 2-3 күн бойы байқалады, бұлшықеттері ауырады, катаральды белгілер болуы мүмкін, тәбет төмендейді, асқазан аймағында ауырлық немесе ауру сезімі болады, оң жақ қабырға асты ауырып, науқаста кейде жүрек айну, құсу, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, ашушаңдық, басы ауырып, айналып, жұмысқа қабілеті төмендейді, несеп сарғаяды, түсі қою шай немесе сыра түстес болады, сонымен қатар үлкен дәреті түссізденіп, кейде консистенциясы сұйылады, тері жамылғысы сарғаяды.

Дәрігер ретінде айтар болсақ, А гепатитінің еміне төсек режимі, тиімді тамақтану және витаминотерапия жатады. Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін ауыр жұмыс істеуге болмайды. Оған қоса науқас адамға ауыр қорытылатын майлы тамақтарды (сиыр, қой, шошқа еті), қуырылған, ащы, тұзды, майонез, кетчуп қосылған салат, тағамдарды, фаст-фуд (бургер, фри, пицца, донер, ащы тауық аяқшалары, суши, кәуап) жеуге болмайды. Көбіне асылған, буға жасалған және майсыз қайнатылған сорпа мен үйде қолдан жасалған компот, кисель, шырындарды ішу қажет.

Эпидемиялық ошақта А гепатитімен ауырған науқас анықталғанда күнделікті және қорытынды дезинфекция жасалады, науқасты оқшаулап (үй жағдайында қалдыруға  болады), ауруханаға жатқызады.

Жадыра ҚАЛДЫБАЕВА,

облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының

инфекционист дәрігері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: