Бүгін көпбейінді облыстық балалар ауруханасының мәжіліс залында медицина саласына 45 жыл еңбегін сіңірген білікті педиатр дәрігер Тұрғанбаева Сәуле Сағынбайқызының мерейтойына арналған салтанатты шара болып өтті.
Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы қатысып, ардагер дәрігерді мерейтойымен құттықтап құрмет көрсетті.
Одан соң, облыстық медициналық ардагерлер ұйымының төрайымы Кузденова Раиса Абдешовна және педиатрия саласының ардагерлері Күләш Әбдіразаққызы мен Сапаргүл Сейітжаппарқызы Сәуле Сағынбайқызына ізгі лебіздерін білдірді.
Салтанатты шара одан әрі өнерлі кешке жалғасты.
Сәуле Сағынбайқызы білікті балалар дәрігері.
1970 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының «Педиатрия» факультетін бітіріп, 1970-1971 жылдары интернатурадан өтіп, еңбек жолын балалар ауруханасында аймақтық дәрігер болып бастаған.
1979 жылы балалар ауруханасының қарқынды терапия бөлімінде педиатр-дәрігер, 1979 жылы өкпе-тыныс алу ауруларының бөлімінің меңгерушісі, 1987-2007 жылдары облыстық балалар ауруханасының нефрология бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Еңбек ете жүріп, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапатталған.
Қазіргі таңда зейнеттегі аяулы ана, ардагер дәрігер.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!