Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Білім беру ұйымдарындағы асхананың санитарлық талаптары түсіндірілді

20.12.2023

776 0

Бала – болашағымыз. Бәрінен бұрын олардың денсаулығы қымбат. Сондықтан қазірден бастап баланың құнары мол, сапалы тағамдарды тұтынуына баса мән берген дұрыс. Сонымен қатар олардың барлық жағынан қауіпсіз, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болғаны аса маңызды. Осы мақсатта Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аймақтағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ұйымдарының медицина және асхана қызметкерлері үшін облыстық оқыту семинарын өткізді. Алдымен семинар қатысушылары №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының асхана жұмысымен танысудан бастады. Іс-шара барысында облыс көлеміндегі жұқпалы аурулар мен тағамнан уланудың эпидемиологиялық ахуалы, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тұрғыда дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, ас мәзірін жасау, ас құнарлығының есептілігін жүргізу, тамақ өнімдерін тасымалдауға қойылатын талаптар, аспаздардың жеке бас гигиенасын сақтауға қойылатын талаптар түсіндірілді. Сондай-ақ тағамнан улану, жедел ішек аурулары тіркелген жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі, алгоритмдері бойынша ақпараттар берілді. Білім еру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында осындай оқыту семинарларының маңызы ерекше. Оқыту-семинар соңында медицина және асхана қызметкерлері арасында тестілеу жүргізілді.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: