Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 17:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету- бүгінгі күннің өзекті мәселесі

28.08.2022

2050 0

Биологиялық қауіпсіздік қазіргі таңда әлемдік қауымдастықтың маңызды мәселесі болып отыр. Оның өзектілігі  әлемде жаһандық сипатқа ие болатын жұқпалы аурулар мен қоздырғыштардан болатын қауіп қатерлер.  Осы кезеңге дейін биологиялық қауіпсіздік мазмұнын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласымен ғана байланыстырып келсе, қазіргі кезеңде ауқымы едеуір кеңейіп, ветеринария, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғау саласы, денсаулық қорғау, ғылым саласы,өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау саласы тағы да басқа өзге салаларды қамтыды. Бұл халықтың денсаулығын сақтауда ұлттық және халықаралық қауіпсіздікпен салыстырылатын төтенше жағдайлар тудыруы мүмкін қатерлердің пайда болу салдарына байланысты туындауда. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Осыған сәйкес биологиялық қауіп-қатерлерге қарсы тұру, олардың алдын алу, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылғы 21 мамырда«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» №122 –VII Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заңды іске асыру сыртқы және ішкі биологиялық қатерлерді болжауға, жедел анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз етеді.Бұл заң биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқарудың үйлестірілген жүйесін құруға, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттердің айналымы туралы деректерді есепке алу мен мониторинг жасаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Биологиялық қауіпсіздік  ұғымы бұл – залалдың алдын алу және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттік әлеуетті және нақты биологиялық қауіптерден қорғалуына қол жеткізу. Ал қауіпті биологиялық агенттер-адамның, жануарлардың, өсімдіктердің ауруларын, материалдардың бұзылуын, қоршаған орта сапасының күрт нашарлауын тудыратын патогендік микроорганизмдер, токсиндер және паразиттік организмдер.

Биологиялық қауіпсіздік қоршаған ортаның жалпы жай-күйімен,әлеуметтік-экологиялық жағдайымен байланысты.  Оның көрінісі, яғни қауіп көзі- бұл жаппай ауру, эпидемия, пандемия және жануарлар эпизоотиясы, биологиялық терроризм, биологиялық қаруды қолдану,биологиялық қауіпті обьектілердегі апаттар мен диверсиялар, патогенді микроорганизмдердің табиғи резервуары болып табылады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы орган биологиялық қауіпсіздікті ветеринария, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық қорғау,өсімдіктерді қорғау, денсаулық сақтау саласы, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, ішкі істер органдарыменқатар жүзеге асырады.

Атап айтқанда, биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді, биологиялық қауіпсіздікді қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жобаларымен келісуді,биологиялық қауіпсіздік саласында өз қызметі шеңберінде ақпарат беруді, биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелер әзірлеуді және бекітуді іске асырады.

Жаһандану және халық пен тауарлардың трансшекаралық айналымына байланысты инфекциялық аурулардың жаппай таралу қаупі жағдайында ұлттық қауіпсіздік және биологиялық қауіп-қатерлерді басқару мәселелері қашанда аса маңызды. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы орган заңнамада белгіленген құзіреті шегінде өзге тиісті салалармен қатар төмендегі іс-шараларды атқарады:

1)патогенді биологиялық агенттермен  жұмыс істеуді жүзеге асыратын субьектілердің, ықтимал қауіпті биологиялық обьектілердің тізілімдерін жүргізу;

2) патогендігі І және ІІ топтардағы биологиялық агенттердің және олармен жұмыс жасайтын мамандардың тізілімін жүргізу;

3)биологиялық қауіпсіздік саласында профилактикалық іс-шаралар, мониторингтеу, талаптардың сақталуын бақылау, қадағалау;

4)биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

5) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі Іжәне ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлеу және бекіту;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;

7) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасыныңзаңнамасы шегінде санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы қызмет сараптаманың және ғылыми сараптаманың нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтардың денсаулығына қауіпті деп танылған биологиялық заттардың есепке алынуын жүргізуді жүзеге асырады.

Қызылорда облысының

санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

Аса қауіпті инфекцияларды эпидемиолоиялық

бақылау бөлімінің бас маманы

Г. Бижанова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: