Сейсенбі, 12 тамыз, 19:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

Бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды.

12.08.2025

73 0

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірінші науқас – 1979 жылы туған әйелге өзінен үш жас үлкен туған ағасы донор болды. Екінші трансплантация 1978 жылы туған ер адамға жасалды.

– Науқасқа егіздің сыңары, ағасы бүйрегін берді. Отаны аурухана бас дәрігерінің орынбасары, PhD Ербол Серікұлы А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының бөлімше меңгерушісі Ислам Мададовтың командасымен бірге жасады. Операция сәтті өтті. Науқастардың жағдайы орташа, тиесілі ем қабылдап жатыр, – делінген хабарламада. 

Былтыр ауруханада бүйрекке 6 трансплантация жасалды. Биыл дәрігерлер бірінші рет бауыр ауыстырды. 

Жақында осы ауруханада ашық жүрекке сирек кездесетін ота жасалды. 

Бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: