Сейсенбі, 30 қыркүйек, 12:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Бірқатар дәрілік заттар мен медициналық қызметтер қосылған құн салығынан босатылады

30.09.2025

113 0

Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді қосылған құн салығынан босатуды көздейтін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Халық үшін бұл дегеніміз:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС шеңберінде сирек (орфандық) және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, дәрілік препараттардың бағасы бойынша қолжетімді болады;

ТМККК және МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтер, сондай-ақ сирек және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу жөніндегі қызметтер ҚҚС есебінсіз ұсынылатын болады.

Министрлік бұл шара пациенттерді қолдауға және емдеудің қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – медициналық көмек пен қажетті дәрі-дәрмектерді адамдарға барынша қолжетімді ету. ҚҚС-тан босату медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайту және пациенттерге уақтылы көмек алу үшін көбірек мүмкіндіктер береді»,- делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қаулының жобасы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халықты әлеуметтік қорғауды нығайту жөніндегі шаралардың шеңберінде іске асырылады.

Айта кетейік, бұған дейін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жаңа арнаулы салық режимі енгізіліп, табысының 4%-ын төлеуге міндеттелетіні хабарланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: