Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бруцеллез ауруының аймақтағы эпиджағдайы

25.07.2024

268 0

Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 6 айында алғаш анықталған бруцеллез ауруының 11жағдайы тіркеліп, 100мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 1,3 құрады, 2023 жылдың 6 айымен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 2,6 есеге төмендеген (2023жылдың 6 айына 29жағдай аурушаңдық көрсеткіші 3,4).
Облыс көлемінде ағымдағы жылдың 6 айына 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1ауру ( аурушаңдық көрсеткіші 0,4) есепке алынып,былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 1 жағдайға төмендеді (2023 жылдың 6 айына 2 жағдай, аурушаңдық көрсеткіші 0,7). Ал жасөспірімдер арасында 3 науқас ( аурушаңдық көрсеткіші 6,3) есепке алынып, аурушаңдық деңгейі 2,7 есеге төмендеді (2023 жылдың 3 айына -7 жағдай, аурушаңдық көрсеткіші 16,8 ).
Бруцеллез науқастарының 63,6% ауыл тұрғындары құрады және ауру ошақтарында 56 қарым-қатынастағы адам сарып ауруының қоздырғыштарына зертханалық жолмен тексерілді және 1адамнан оң нәтиже анықталып, диспансерлік есепке алынды.Қоршаған ортадан алынған 53 сынаманы сарып ауруының қоздырғышына зерттеу нәтижесінде , 2 -нен оң нәтиже анықталып ( топырақ 12/1, қи 11/0, жем 9/0, төсеніш 3/0 , жүн 7/1, сүт 5/0, су 6/0), індетке қарсы іс-шаралар жүргізілді.
Бруцеллез – адамдар мен малдар арасында кездесетін жұқпалы ауру. Бруцеллезге барлық үй жануарлары шалдығады, соның ішінде қойлар, ешкілер, ірі қара малы. Бруцеллезге шалдыққан малда жиі кездесетін белгілері – мал түсік тастайды немесе өлі туады. Бруцеллез қоздырғыштары жануарлардың ағзасында өмір сүріп, көбейеді және малдың сүті, зәр шығару,төлдеу мен түсік тастау кезінде сыртқы ортаға бөлініп, көпке дейін өмір сүреді және малдың терісі, жүні, тезегі, мал-қораның маңайы, ондағы құрал-саймандар, топырақ ластанады. Ал бруцеллездің қоздырғыштары топырақта, қида, жемде , суда 3 айға дейін өмір сүріп, өзінің ауру қоздырғыштық қасиетін толықтай сақтай алады және адамдар ауру малдарды күту кезінде бруцеллез ауруын жұқтырып алады.
Адамдар бруцеллез ауруын ауру малдың зарарсыздандырылмаған сүтін, сүт өнімдерін, етті қолдану қолдану кезінде жұқтырады,аурудың қоздырғыштары шикі етте 3 ай, тұздалған етте 1ай, қайнатылмаған сүтте 40күн, ірімшікте 60 күн сақталады, бірақ жоғары температураға төзімсіз, 90-100 градусқа қайнатқанда сол бойы өліп қалады.
Адамдарда бруцеллездің алғашқы белгілері зақымдағаннан кейін 1-2 аптада, кей кездері 1 айдан кейін біліне бастайды.
БРУЦЕЛЛЕЗ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ: бас ауру, әлсіздік, ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі, қалтырап тоңу, денесінің түршігуі, түнге қарай қатты терлеу. Бірнеше апта өткен соң буындары ісініп, әсіресе тізесі мен шынтақ буындары ісініп, ауырады.Ауруға шалдыққан адам дер кезінде дәрігерге көрініп, ем қабылдаған жағдайда, науқасынан айығады.
Ауру асқынған кезде нерв жүйесі зақымданып, тірек-қозғалыс , қан-тамыр жүйесі және ұрпақты болу органдарының бұзылуы мүмкін.
БРУЦЕЛЛЕЗ АУРУЫНАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ:
Бруцеллез ауруынан адамдарды қорғау үшін ең алдымен үй жануарларының бруцеллезбен ауруына жол бермеу қажет.Мал түсік тастағанда міндетті түрде ветеринарлық дәрігерге хабарлап, тез арада бөлек орынға оқшаулаған жөн. Өлген төлдің қалдықтарын мұқият жинап, арнайы мамандардың келуін күту керек.Жаңадан туылған төлді үйге кіргізуге болмайды, олардың ішінде бруцеллезбен ауырған мал болса, адамдардың, оның ішінде балалардың ауруды жұқтырып алу қаупі жоғары болады.Үй жануарларына қарайтын адам арнайы киім, етік, қолына қолғап кию керек,үйге сыртқы киіммен кіруге болмайды.Үй жануарлары тұратын қора жайды тамақ ішуге, шылым шегуге және демалу орны ретінде қолдануға болмайды. Мал сатып аларда ветеринарлық дәрігерден арнайы анықтама талап ету қажет.Көше бойында, аула ішінде сатып тұрған сүт және сүт өнімдерін, ет сатып алуға болмайды. Мал өнімдерін сапасына кепілдігі бар, ветеринарлық-санитарлық бақылаудан өткен арнайы сауда орындарынан алған жөн.

Әлия Әбдіқайымова

Облыстық СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: