Бейсенбі, 28 қараша, 11:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Бүгін – Дүниежүзілік донор күні

14.06.2021

624 0

14 маусым – Дүниежүзілік донор күні. Қызылорда облыстық қан орталығында күн сайын 30 адам қан тапсырады, жыл сайын – 7,5 мыңнан астам адам. Жыл басынан бері 3 756 донация өткізілді.

Жалпы, аймақта бір жарым мың тоннадан астам плазма қоры бар. Мамандар атап өткендей, жыл сайын 4 мыңға жуық пациент барлық қажетті қауіпсіздік кезеңдерінен өтіп, қан компоненттерін алады.

Облыстық қан орталығы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің 27 сәуір 2020 жылғы №256 «COVID-19 бар пациенттерді емдеу үшін иммундық плазманы өндірудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес облыста COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастардан иммунды плазма дайындауды бастады. Бүгінгі таңда осы иммунды плазма 5 науқасқа құйылды. COVID-19 ауруымен ауырып шыққан облыс тұрғындары осы инфекцияға қарсы иммунитеті бар немесе жоқтығын білгісі келсе, облыстық қан орталығында ақылы түрде тексерілуге болады.

Бүгінгі таңда адам қанын алмастырушылар жоқ. Донорлық қан мен оның компоненттерінің арқасында миллиондаған адамдардың өмірі сақталады. Белгілі болғандай, аталған медициналық қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде қарастырылған, яғни олар әрбір қазақстандық пен шетелдік азаматтарға қолжетімді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, донация денсаулыққа пайдалы: орташа есеппен қан тапсыратын адамдардың өмірі бес жылға ұзарады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 

облыс бойынша филиалының

халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: