Сенбі, 23 қараша, 03:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Бұл сырқат сыр бермейді»: Ләйлә Сұлтанқызы

21.08.2024

489 0

Фото: instagram.com/sultankyzy/

Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы қазақтың қыз-келіншектеріне арналған үндеу жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Оңтүістікте 11 жастан асқан қыздар көп. Аналары, жақындаңыздар! Маңызды ақпарат. АПВ-ВПЧ (вирус папилломы человека) туралы айтамын. Қазір күніне 25-44 жас аралығындағы екі келіншек осы сырқаттан көз жұмады. Рак шейки маткиді ВПЧ-ға мазок тапсыру арқылы анықтайды. Ішіндегі 16, 18 тип өте қауіпті. Бір жаманы, 3 сатыға дейін бұл сырқат сыр бермейді екен», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Журналистің айтуынша, бұл сырқатты азайтудың жалғыз жолы – екпе (прививка) екен. 

«Әлемнің 150-ге жуық елдерінде бұл баяғыда міндеттелген прививкалар қатарында. Тіпті рак шейки матки обырын толығымен жеңген елдер де бар. Статистика солай дейді. ВПЧ туралы қорқынышты ақпараттарды естіген сайын барлығын сіздермен бөліскім келеді», – деп жазды ол. 

Ойын қорытындылай келе журналист Қазақстандағы қыз-келіншектерге үндеу жасады. 

«Құрметті қыз-келіншектер! Біз өте сауатты болуымыз керек. Біз бала-шағамыздың денсаулығына жауаптымыз. Мұнда ауырғанша ауырмайтын жол ізде деп жатырмын», – деп қорытындылады ойын Ләйлә Сұлтанқызы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: