Дүйсенбі, 25 қараша, 16:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Цой тамыз-қыркүйектегі эпидемиологиялық ахуалға болжам жасады

03.08.2021

806 0

Министр оптимистік сценарий карантин талаптарын сақтап, вакцина салу көрсеткіші ұлғайғанда ғана сақталатынын жеткізді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамыз-қыркүйек айларына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Эпидемиологиялық жағдайды болжау негізінде тамыз-қыркүйекте біз оптимистік сценариймен келе жатырмыз. 2 айда тіркелетін жағдайлардың болжамды саны 250 мың адамға жуықтайды. Яғни тәулігіне орташа есеппен 7 мың адам», – деді Цой үкімет отырысында.
Министр оптимистік сценарий карантин талаптарын сақтап, вакцина салу көрсеткіші ұлғайғанда ғана сақталатынын айтты.

Қазіргі уақытта Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау және Қарағанды облыстары жаңа пайда болған «қою қызыл» аймақта тұр. Бұл өңірлерде төсек-орындардың апталық толу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 200-ден асады.

2 тамыздан өңірлерде шектеу шаралары күшейтілді. Бүгін Түркістан облысы қайта «сары» аймаққа оралғаны хабарланған болатын. Өңір «қызыл» аймақта бірнеше күн ғана болды.

Елде өткен тәулікте барлығы 7 481 адам коронавирусқа шалдықты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: