Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: 1000 қызылордалық вакцина салдырды

20.02.2021

1098 0

Өңірге әкелген алғашқы 1000 доза вакцина толық салынып бітті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жалпы 1000 дана екпені салу үшін 17 күн уақыт кетті. Ақпаратқа сүйенсек, бір күнде ең көп вакцина 2 ақпанда салынған. Яғни вакциналаудың екінші күні 165 адам екпе салдыртқан.

Бүгінгі күнге дейін аймақта 3759 адам жұқтырған. Оның ішінде ең көп коронавирус жұқтыру фактісі өңірдің бас қаласында тіркелген. Бүгінгі күнге дейін Қызылорда қала­сының 2342 тұрғынынан Covid-19 анықталған. Облыс­тық денсаулық сақтау басқар­масының жұма күнгі мәлі­метінше, Қызылордада 10, Жа­лағашта 1 адам, Шиеліде 5 және Жаңақорғанда 1 адам КВИ жұқтырған. Ал бір күн бұ­рын, 7 науқас коронавирустан ем­деліп шыққан. Оның алтауы Қызылордадан және біреуі Сырдария ауданынан.  Жалпы Covid-19 инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғандар саны 15478 жетті. Оның ішінде 12730 адам тікелей қарым-қатынаста болса, 2748 адам ықтимал қарым-қатынас деп белгіленген. Бейсенбіде зертханаға 1266 сынама тапсырылса, 807-і тексерілген. 459 сынамамен әлі жұмыс жасалуда және қалдық тест саны 18559 құрап отыр. Жалпы эпидемиологиялық маусым басталғалы 214 256 адам сынама тапсырған.

Қазіргі таңда өңірдегі инфекциялық стационардың жүктемесі 14,8 процентті құрап отыр. Яғни инфекциялық стационарда 31 науқасқа дәрігерлер қызмет етуде. Ал стационардың реанимация бөлімінде 2 науқас ем қабылдауда.

Елдегі ахуалға келер болсақ, Павлодар облысы әлі «қызыл аймақтан» шыға алмай тұр. «Сары аймақтың» тізімінде Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлер мен жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан  «жасыл аймақта». ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов «жасыл аймақта» карантин талаптарын жеңілдету туралы қаулысын жариялаған еді. Қаулыда «жасыл аймақтағы» өңірлерде мешітке жұрттың жиналуына, сонымен қоса мектеп асханасының жұмысына рұқсат  берілген.

А.ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: